3 мамыр күні Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясында композитор, әнші, «Мәдениет қайраткері» Юрий Айтжановтың 70 жылдығына арналған  еске алу кеші өтті.

Юрий Айтжанов (шығармашылық лақап аты Юри Шарафат)  - авторлық және бард әндері халықаралық фестивальдерінің лауреты. Оның 80 жуық  әні 7  альбом болып шықты.
Концерттік бағдарламада бар өмірін өнер жолына арнаған өнер иесінің   шығарған тың шығармалары, Расул Гамзатов, Кәкімбек Салықов, Мұхтар Шаханов, Евгений Евтушенко сынды  заманауи танымал  ақындардың өлеңдеріне шығарған әндері  филармония шығармашылық ұжымдарының орындауында көпшіліктің назарына ұсынылды.
Еске алу кеші «Мәдениет қайраткері» Жанат Есовтың орындауында Ю.Айтжанов пен Е.Евтушенконың «Одиночество» әнімен басталды. Сонымен қатар кеш есінің артында қалдырған асыл мұрасы «Мәдениет саласының үздіктері» Ләззат Едрисова мен Валерия Болиеваның, Серікболсын Бекмолдин, Аякөз Қалмағанбетова, Саида Сағди, Адам Хакимның орындауында сахна төрінен төгілді. Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Шолпан Дүкімбаева  Ю.Айтжанов пен К.Салықовтың «Сөйлейді тағдыр сондайда» әнін тамылжыта орындады. Юрий Айтжановтың қарындасы Әлия Айтжанова да ағасына  арнап «Хош бол, асыл бауырым» өлеңін оқып, сағынышын жеткізді.

Онлайн кім

Қазір 26 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр