Қызылорда облыстық филармониясы тәжірибе алмасу және шығармашылықты дамыту мақсатында жасасқан Меморандумының негізінде би ұжымдарының «Би әлемі» атты жобасын дәстүрге айналдырып келеді. Биыл  2 маусым күні бұл жоба Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясының сахна төрінде «Гәкку» би ансамблімен өткізді.

Бұл  концерт Арқа мен Сырдың сырласу кеші!

Би өнерін асқақтатып жүрген еліміздің алдыңғы қатарлы ұжымдары: Қызылорда облыстық филармониясының "Томирис" би ансамблі (жетекшісі "Мәдениет саласының үздігі" Гүлбану Мырзабаева) мен "Гәкку" би ансамблі (жетекшісі "Мәдениет саласының үздігі"Гүлмира Ордабаева) Сыр елі мен Арқаның лебі есетін, кербез, көздің жауын алатын  билерін көрерменге тарту етті.

Мың бұрала билеген бишілердің орындауындағы әр нөмір өзіндік орындау шеберлігімен, мазмұн-мағналығымен ерекшеленіп, өз көрерменін тапты. Халқымыздың би өнерін ұлықтап, насихаттап келе жатқан, сұлу сәнді биімен, ерекше би әлеміне бойлатқан кәсіби би ұжымдарының концерті өнер сүйер қауымды бір желпіндіріп тастады. Қазақ халқының көздің жауын алатын билерімен қатар кеш барысында түркімен, өзбек, долан және т.б. да халықтардың билері орындалды.

Онлайн кім

Қазір бір қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр