Конституция күніне арналған мерекелік концерт біздің өлкеміздің інжу-маржаны — Бурабай төрінде өтті. "Айнакөл" ансамблі, "Гәкку" би ансамблі және филармония солистері көрермендерге ерекше шығармашылық кеш дайындады. Іс-шара жоғары патриоттық нотада басталды.

Сахнада үздік патриоттық шығармалар орындалды. Көрермендер залы курорттық аймақта демалушыларға толы болды. 1995 жылғы 30 тамыз-еліміздің шежіресіндегі тарихи күн. Бұл ерекше мереке, біз Тәуелсіз Қазақстанның іргетасы қаланған күннің маңыздылығын түсінеміз. Біздің еліміз күн сайын нығайып, дамып, гүлдене берсін! Жақсы көңіл-күй зарядын алған соң, концерттен кейін көрермендер өз әсерлерімен бөлісті.

Онлайн кім

Қазір 175 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр