Еліміз  үшін  мәртебелі, айтулы  мерекелердің  қай кезде де орны бөлек. Біздің тәуелсіздігіміз бен тұтастығымызды, тыныштығымыз бен бейбіт тірлігімізді қас қақпай күзетіп тұрған, халқымызға қорған болған ұлттық әскерімізге,  абзал азаматтарымызға деген ыстық сезім, алғыс пен құрметіміз шексіз. Ал сұрапыл соғыс жылдарында қасық қанын төгіп, жан берген, Ұлы Жеңіс күні, жарқын болашақ үшін күрескен жандардың ерлігі мәңгі ел есінде.

7 мамыр  күні Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық  филармониясында  К.Күмісбеков атындағы қазақ халық аспаптар оркестрінің   Отан  қорғаушылар күні мен Ұлы Жеңіс  күніне арналған   «Кестелі орамал» лекция-концерті  өтті.  Дирижері Жанат Рашит.

Концерттің кіріспе бөлімінде  Жарас Қалдаровтың  режисерлік етуімен, филармонияның шығармашылық ұжымдарының   қатысуымен  сахналық қойылым қойылды.

Концерттік бағдарламада қазақ композиторларының бүгінгі тақырыпты ашатын төл туындылары орындалды. М.Өскенбайұлының «Жеңіс», Н.Тілендиевтің «Жеңіс  салтанаты», «Болмасын соғыс, болмасын», М.Төлебаевтың «Кестелі орамал», «Тос мені тос» және т.б. да танымал шығармалар. Сахна төрінде  филармония әншілері:  Мәдениет қайраткерлері Мереке Бекмағамбетов пен Гүлжан Ахметова, Сәрсенбай Хасенов, Аякөз Қалмағанбетова, Серікболсын Бекмолдин, Төлеген Аманов, Шыңғыс Сәрсенбай, Эльмира Нысанбаева өнер көрсетті.

Концертті  дәстүрлі әнші Сәрсенбай Хасенов  жүргізді.

Онлайн кім

Қазір 42 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр