31 наурыз  күні сағат 1900  Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясының концерт залында  күйші, Қазақ КСР-ның халық әртісі Дина  Нұрпейісованың  160  жылдығына арналған   К.Күмісбеков атындағы қазақ халық аспаптар оркестрінің «Әсем қоңыр» атты концерті өтті. 

Құрманғазыдай дәулескер күйшіден тәлім алған, «Домбыраның Жамбылы» атанған Дина Нұрпейісова өз заманында күмбірлеген күйімен көпшілікті аузына қаратқан. Домбыра тартудың қыр-сырын жетік меңгерген,  он саусағынан бал тамған күйші өмірінің соңына дейін қасиетті қара домбырасынан  қол жазбаған.   Күй анасы атанған Дина Нұрпейісованың  қос қолмен бірдей домбыра шертудегі өзіндік мәнеріне куә болғандар оның домбырада ойнау  шеберлігіне жоғары баға беріп, ойнау техникасын таңдана тамашалаған.

Концерт барысында К.Күмісбеков атындағы қазақ халық аспаптар оркестрі  мен домбырашылардың жеке орындауында көрермендер  назарына   композитордың   төл туындылары ұсынылды.

Дирижерлар:  «Ерен еңбегі үшін» медалі    мен   «Құрмет» ордені, «Мәдениет қайраткері»  құрмет белгісінің иегері Тұрлыхожа Базаров, Жанат Рашит.

Онлайн кім

Қазір 178 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр