Қазақ биі - бишінің қозғалысы мен дене қимылы арқылы көркем образды бейнелейтін ұлттық сахна өнері.

Қазақтың ұлттық би өнері ерте заманнан қалыптасқан, халқымыздың аса бай ауыз әдебиетімен, ән-күйлерімен, дәстүрлі тұрмыс салтымен біте қайнасып келе жатқан көркем өнерлердің бірі. Халықтың көркемдік ойының бір көрінісі ретіндегі би өнері өзінің эстетикалық болмысында қазақ жұртының жалпы дүниетанымына сай арман-мұраттарын бейнелейтін қимылдар жүйесін қалыптастыра бермек.

Қазақтың ұлттық киімдері мен әшекей бұйымдары тамсанарлықтай әсемдігімен ерек-шеленеді, және cахналық биді көркемдегенде бұл материалдарды қолданбау мүмкін емес.

Қазақ биіндегі ұлттық қолөнер - әшекей-бұйымдардың ролі жайлы "Гәкку" би ансамблінің әртісі Балнұр Қабдыл баяндайды.

"Гәкку" би ансамблі. З.Ажибекованың "Сыйлық" биі.

Онлайн кім

Қазір 18 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр