Халықаралық қарттар күні – ерекше мереке, бұл күні жүрегің нұрға толып, айналаңдағы жандарға мейірімділікпен қарап, алғыс айтып, ризашылығыңды білдіргің келетін кез.

Осы мереке аясында өмірлік тәжірибесі мол дана қарттарымызды, ақылшы қамқор жандарды шын жүректен мерекелерімен құттықтаймыз!

Сіздердің даналықтарыңыз бен ақыл-кеңестеріңіз өсіп келе жатқан ұрпақ үшін асыл қазына.

Сіздерге зор денсаулық, бақыт тілейміз, жүздеріңізден жылу кетпей, көңілдеріңізге қаяу түспей, өмір жастарыңыз ұзақ болсын! Еңбектеріңіздің зейнетін көріп, жан-дүниелеріңіз жарқырап, өмірлеріңіз қызық-қуанышқа толы болсын! Әрқашан қастарыңыздан өздеріңізге жан жылуын сыйлатын сүйікті жақындарыңыз, қамқор жандарыңыз табылсын!

Онлайн кім

Қазір 190 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр