«Брат или брак» көркем фильмінен алынған Ринат Гайсинның «Сүйемін» әнінің кавер-нұсқасын Ақмола облыстық филармониясының хоры мен солист Мерғали Хамит орындайды.

2017 жылы шыққан қазақстандық күлкілі фильмнің саундтрегі лирикалығымен, жан-дүниеңді баурап алатын саздылығымен көптің көңілінен шыққан ән – жас орындаушыларды да бей-жай қалдырмады. Қазақстандық жастардың махаббат гимніне айналған «Сүйемін» әнінің кавер-нұсқалары қазіргі таңда да әлеуметтік желілерде көп көрсетілімге ие.

Ашық баритон дауысты жас әнші Мерғали Хамит мақпалдай әдемі даусымен тыңдарманын баурай отыра, осы әнді өзіндік нұсқада орындайды.

Онлайн кім

Қазір 266 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр