Би - бұл жан-дүниеңді көрсете білетін ерекше тіл, сөзбен жеткізе алмайтыныңды би арқылы, әдемі ырғақты қимылдармен, көз қараспен жеткізетін өнердің түрі. Бұл   өз болмысыңды ашып көрсету,  шабыттану...

«Кербез сұлу» биінде биші өзінің кербездігі мен әсемдігін ғана көрсетіп қоймайды, сонымен қатар өз өлкесінің сұлулығын бейнелеп, әр қимылымен сутеттейді...

Сарқырап аққан өзеннің сарыны, бұрқылдап шыққан қайнар бұлақтың сылдыры, толқыған толқын, аққайынның тербелген шуы, шалқыған көл бетінде жүзген аққу..., міне осының бәрі бір биде бейнеленген.

Біздің өлкеміз аңыздар мен жырларға толы. Әр таудың, әр сайдың, алаңқайдың өз сыры, өз тарихы бар, олар өткеннен сыр шертеді.

Гүлмира Ордабаеваның «Кербез сұлу» қойылымы - бұл Көкшетау жерінің қайталанбас сұлу табиғатына сүйсіну мен талай ғасырлық тарихын мақтан тұтатын гимн.

Онлайн кім

Қазір 103 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр