«Әсем әуен шалқиды» жобасы аясында симфониялық оркестрдің әртістері Анна Батлукова (флейта) мен Наталья Грицаева (фортепиано) С.Василенконың «Көктемде» сюитасынан үзінді ұсынады.

Сергей Никифорович Василенко 1953-1954 жылдары оркестрмен бірге үрлемелі аспаптар үшін бірқатар шығармалар дайындады. «Көктемде» шығармасында кларнетке арналған концерт, валторнға арналған концерт және флейтаға арналған сюита бар. Бұл барлық шығармалар концерттік репертуалар түрінде ғана емес, сонымен қатар педагогикалық әдістеме ретінде де шығарылды.

«Көктемде» сюитасы қырланған аспаптауымен, жарқын бағдарламалық бейнешілдігімен, кербездігімен, нәзік мәнерлігімен ерекшеленіп, назар аудартады. Сюита бөлімдерінде айшықталған бейнелер, композитордың керемет ашып көрсетуіне байланысты әр аспаптың өзіндік табиғатына, техникалық мүмкіншілігіне ерекше сай келеді. Сондай-ақ бұл бейнелер мен ашылу сыры қалың көпшілікке, оның ішінде балаларға да аса түсінікті.

Онлайн кім

Қазір 37 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр