30 шілдеде «Гәкку» би ансамблінің әртістерімен дайындалған,

танымал балетмейстер әрі режиссер,

Қазақ КСР-ның еңбек сіңірген өнер қайраткері

Минтай Женельевич Тлеубаевтың

шығармашылығы туралы бейне-дәріс эфирге шықты.

Ол - өз заманының жаңашылы, Қазақстанның хореографиялық өнерінің

көптеген жанрларын алғаш ашушы.

Оның өмірі - жас балет әртістері үшін үлгі.

Минтай Тлеубаев бірқатар саңлақ режиссерлер мен

хореографтарды дайындап шығарды.

Олардың ішінде Үкілі Ыбырай атындағы

Ақмола облыстық филармониясының

«Гәкку» би ансамблінің жетекшісі

Гүлмира Мерғалиевна Ордабаева да бар.

Бейнероликте Г.Ордабаеваның «Жыл құсы»

авторлық қойылымы көрсетілді.

Онлайн кім

Қазір 129 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр