Солтүстік Қазақстан облысындағы Ақмола облысының күндері аясында Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясының шығармашылық ұжымдары Петропавл қаласының өнер сүйер қауымына «Гәккулеткен, аққу жеткен – Көкшетау» атты салтанатты концертін ұсынды. Сахна төрінде филармонияның жетекші әншілері Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі Ғазиза Жұмекенова, жаста болса дарынды, өнерімен ел аузында жүрген, республикалық байқаулар мен фестивальдердің лауреаттары Эльмира Камарницкая, Марина Зяблинцева, Фархат Сағымбай, Алмаз Оразалин, Аягөз Қалмағанбетова, Ринат Нұрмұхан, Мерғали Хамит және «Гәкку» би ансамблі өнер көрсетті. Концерт 12 ақпан күні сағат 19.00-де Жастар сарайында өтті.

Кеш қонақтарын естен кетпес, ғажап, жанды баурап алатын музыкалық композициялар тосты. Концерттік бағдарламада Б.Тәжібаевтың «Әдемі-ау», А.Бочеллидің репертуарынан «Vivo per lei», П.Лидің «Қайда?» және тағы басқа да әндер орындалды. Ақмола облыстық филармониясының алдыңғы қатарлы ұжымдарының бірі болып табылатын «Гәкку» би ансамблі бұл жолы да кештің сәнін кіргізіп, әдемі көркем билерімен көздің жауын алды.

Онлайн кім

Қазір 247 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр