Режиссер Татьяна Кирьянованың жетекшілік етуімен Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясының «Мюзикл» таеатралдық студиясының әртістері Петропавл қаласының жас көрермендеріне С.Прокофьевтың «Петя мен қасқыр» театрланған симфониялық ертегісін ұсынды. Бұл қойылым 12 ақпан күні сағат 12.00-де Жастар сарайында өтті. Ең жас көрермендерге арналған тартымды, қызықты қойылым - эмоция мен музыкаға толы мазмұнда.

Ертегі айтушының қоңыр даусы симфониялық оркестрдің жанды орындауына ұласып, ертегі желісінде болып жатқан барлық оқиғаларды тілсіз, кейіпкерлерді пластика мен мимика арқылы бейнелеп, ертеден келе жатқан ертегіні жаңа қырынан көрсетті.

Театрланған қойылымға көңіл көтеретін қызықты және интерактивті ойындар кіргізілген. Қойылым жас көрермендердің дамуына ықпал етіп, мәдени және моральдік тұрғыдан тәрбиелейді. Музыкаға деген құштарлық пен махаббат сахна төрінен көрсетілді. Ертегі барысында балалар музыка туралы көптеген пайдалы мағлұматтар алды, ал симфониялық оркестр әр музыкалық аспаптың өзіндік ерекшелігін көрнекі түрде көрсетіп, таныстырды.

Онлайн кім

Қазір 59 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр