Қыркүйектің 27-і күні Ақмола облыстық филармониясында 72 концерттік маусымның ашылуы, күй атасы Құрманғазы Сағырбайұлының 200 жылдығына орай, К.Күмісбеков атындағы қазақ халық аспаптар оркестрінің концертімен өтті. Концертті дирижер Тұрлықожа Базаровтың басқаруымен ҚХАО(қазақ халық аспаптар оркестрі) және Гүлмира Ордабаеваның жетекшілігімен филармонияның сәніне айналған «Гәкку» би ансамблі ашты.
Кеш бойы Құрманғазының үздік шығармалары Руслан Баймурзин мен Адлет Азбаев дирижерлерінің басқаруымен оркестрдің орындауында халыққа тарту етілді. Домбырада жеке орындаушылардың қатарында Досхан Каленов, Руслан Баймурзин, Әбілсерік Камашев болса, солистер қатарында Серікболсын Бекмолдин мен Аягөз Қалмағанбетова өз өнерімен көрермендерді тәнті етті.
Қазақстан Республикасының Мәдениет министрлігінің бастамасы бойынша Құрманғазы Сағырбайұлының 200 жылдығын мерекелеу ЮНЕСКО-мен белгіленген мерейтойлар мен атаулы күндер тізіміне енгізілген.