14 қазанда Ақмола облыстық филармониясының қабырғасында мерейтойлық маусымның ашылу аясында модераторы мәдениет басқармасының басшысы Сәуле Бөрібаева болған дөңгел үстелдің отырысы болды.

Бүгінгі қызу пікірталас Біржан сал, Ақан сері, Үкілі Ыбырай, Балуан Шолақтың өмірі мен олардың өлмес мұрасы - шығармашылығы тақырыбында өрбіді. Қазақ халқының мәдени тарихында сал-серілердің алатын орны ерекше болғандықтан, олардың шығармашылығына деген қызығушылық екі жүз жыл өтсе де бәсеңдеген жоқ. Осы кезде халық ауыз әдебиетінің өзіндік үлгісі, музыкалық өнердің түпнұсқасы қалыптасты. Қазақ халқының рухани мәдениетін дамытып, байыту оның жалпы тарихи процесінің бір бөлігі.

Дөңгелек үстелге М.Әуезов атындағы әдебиет және өнер институтының қызметкері, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі, ақын, жазушы Ерболат Баятұлы, жыршы Жұмабай Исекеев, Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің профессоры Сәбит Жәмбек, жазушы, тарихшы Ғалым Мұсатай, ақын, әнші әрі композитор Иран Тасқара, облыстық филармонияның директоры Нұргүл Шайкенова, облыстық тарихи-өлкетану музейінің директоры Кенжебай Мұқышев, филармония әншісі Сәрсенбай Хасенов қатысып, сөз қозғады.

«Гәккулеткен, аққу жеткен – Көкшетау» өңіраралық фестивалінің бірінші кезеңінен өткен қатысушылар да назардан тыс қалған жоқ. М.Әуезов атындағы әдебиет және өнер институтының қызметкері, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі, ақын, жазушы Ерболат Баятұлы фестивальдің жалпы мәдени мағынасы өте зор деп есептейді. Оған қатысу үшін арнайы еліміздің әр өңірінен шығармашыл, өнер жолында жүрген тұлғалар келгенін, өзара әңгімелесіп, өнерлерін ортаға салулары арқылы олар тәжірибе алмасып, мәдениаралық байланыстарды дамытуға ықпал ететіндігін тілге тиек етті және де осындай мағыналы, көлемді іс-шаралар өткізіп отырған өңірдің ғана емес, еліміздің де абыройын арттыра түседі. Себебі бұл музыкалық форум халық музыкасы - бай мәдени мұрамыз, жауһарларымызды насихаттап, келер ұрпаққа жеткізуде алар орны ерекше екендігін атап көрсетті.

Қатысушылар шабыттанып, бүгінгі іс-шараның ұйымдастырылуына, әншілердің орындаушылық деңгейлеріне ырзалықтарын білдіріп, ұлттық құндылықтарымызды сақтауға және дамытуға үлкен назар аудару қажеттілігін айтты. Халқымыздың музыкалық өнерін қадірлеп, оны жаңғырту үлкен іс. Ұлы бабаларымыздың мерейтойларын тойлап қана қоймай, олардың рухани мұрасын терең зерттеп, зерделеп, жастарымыздың құлағына құйып, бойына сіңіріп тәрбиелеу үшін осындай маңызы зор фестивальдерді өткізудің мәні зор екендігін баса айтты.

Онлайн кім

Қазір 108 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр