- Подробности
- Автор: Администрация
- Просмотров: 635
Шәмші Қалдаяқов - аты алты алашқа әйгілі, қазақ халқының ұлттық мақтанышына айналған ұлы композитор. Ол - бүкіл ел мойындаған, жалпы халықтың шексіз сүйіспеншілігіне бөленген, қалың жұрттың қайнаған ортасынан шыққан дара дарын, тума талант, аты көзі тірі кездің өзінде аңыз болып кеткен бірегей өнер иесі.
- Подробности
- Автор: Администрация
- Просмотров: 1414
Ән — халық мұрасы. Халық әндері — сарқылмас қазына. Ең алдымен, ән — өнер. Адамның көңіл-күйі, тебіренісі мен толғанысы, қуанышы мен жұбанышы, халыктың өмір айнасы.
Халық ішінде кеңінен айтылатын әндердің бірі – халық әні Ақбақай. Ән халық жадында сонау кезеңдері жаңғырып, өзінің эстетикалық сұлулығымен қазіргі орындаушылардың сүйікті әніне айналды.
- Подробности
- Автор: Администрация
- Просмотров: 394
Музыка авторы Қорлан Картенбаева қазақ ұлттық аспаптарында ойнайтын кәсіби музыкант, бірегей сазгерлік өнер иесі.
«Шындығына келгенде биді тани білу керек, тану аз, сүю керек. Би-синтездік өнер. Ондағы қимыл мен қозғалыс, мимика мен шарттылық, ой мен кескін бар. Енді оған үйлесімді музыканы қосыңыз. Мұнда тұнып тұрған хас өнердің тоғысы бар. Әрбір бидің өз тақырыбы мен мазмұны болуы шартты. Айтар ойы болуы керек. Бидің басы, кульминациясы, соңы бар, ол – тұтас бір әлем. Биші – сол әлемнің қожасы» - дейді, ансамбль жетекшісі, балетмейстер Гүлмира Ордабаева.
- Подробности
- Автор: Администрация
- Просмотров: 690
1838 жылы Исатай – өлгеннен кейін жалғыз қалған Махамбет тағы да күш жинап, ханнан кегін алу үшін Жайық бойындағы Байбақты еліне барады. Байбақтының Жұмыр (шын аты Садыр) және Қылыш деген батырларымен кездесіп, жолдас болады. Жасырынып жүрген, жанына екі батырды еріткен Махамбет Байбақты ауылының төрелерімен отырған Баймағамбет Айшуақовтың үстінен түседі. Міне осы жерде Махамбет пен Баймағамбет сұлтан бірінші рет кездеседі. Баймағамбет сұлтан Махамбетті ұстауға әрекет жасайды. Сол кезде Жұмыр мен Қылыш оны арашалап, ұстатпай, топтан шығарып аман алып кетеді. Махамбет осы оқиғаға байланысты «Жұмыр-Қылыш» күйін екі батырға арнаған деседі.
- Подробности
- Автор: Администрация
- Просмотров: 616
Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясының жетекші әншісі, «Мәдениет қайраткері» құрмет белгісінің иегері Жанат Сабыржанұлы Есов Құрманғазы атындағы қазақ ұлттық консерваториясының 4 курс студенті, ұлы Абзал Есовпен бірге отбасылық дуэт болып өнер көрсетеді.
- Подробности
- Автор: Администрация
- Просмотров: 421
«Брат или брак» көркем фильмінен алынған Ринат Гайсинның «Сүйемін» әнінің кавер-нұсқасын Ақмола облыстық филармониясының хоры мен солист Мерғали Хамит орындайды.
- Подробности
- Автор: Администрация
- Просмотров: 1572
Би - бұл жан-дүниеңді көрсете білетін ерекше тіл, сөзбен жеткізе алмайтыныңды би арқылы, әдемі ырғақты қимылдармен, көз қараспен жеткізетін өнердің түрі. Бұл өз болмысыңды ашып көрсету, шабыттану...
- Подробности
- Автор: Администрация
- Просмотров: 456
«Әсем әуен шалқиды» жобасы аясында симфониялық оркестрдің әртістері Анна Батлукова (флейта) мен Наталья Грицаева (фортепиано) С.Василенконың «Көктемде» сюитасынан үзінді ұсынады.
Жаңалықтарына жазылу
Подпишитесь на нашу рассылку, чтобы получать самые свежие Новости и Сообщения.
Онлайн кім
Қазір 107 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр