Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясында К.Күмісбеков атындағы қазақ халық аспаптар оркестрінің «Soundtrack» концерті өтті. Концерттік  бағдарламада   аты аңызға айналған  танымал фильмдердің әуендері   көпшіліктің назарына ұсынылды. Ұлттық аспаптардың орындауында сахна төрінен төгілген отандық, кеңестік және шетелдік  фильмдердің саундтректерін көрермендер ыстық ықыласпен қабыл алып, өнер иелеріне ерекше құрмет көрсетті.  


Әлемдік киномузыканың жауһар туындылары ұсынылған бағдарламаға  «Гәкку» би ансамблі, камералық хор мен филармония солистері: Серікболсын Бекмолдин мен Аякөз Қалмағанбетова да қатысты. Серікболсын Бекмолдин «Алладин», «Наш милый доктор» фильмдері мен «Величайший шоумен» мюзиклынан алынған әндерді камералық хордың сүйемелдеуінде тамылжыта орындап, тыңдармандарын тәнті етті. Ал Аякөз Қалмағанбетова «Наш милый доктор» фильмінен «Көктем вальсін» тарту етті.
К.Күмісбеков атындағы қазақ халық аспаптар оркестрінің жаңа форматта дайындаған концерті көпшіліктің көңілінен шыққаны сөзсіз.

Онлайн кім

Қазір 96 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр