4 сәуірде Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясында дәстүрлі әнші Сәрсенбай Хасеновтің ақын, жазушы,  мемлекет қайраткері, қазақ әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі Сәкен Сейфуллиннің  130 жылдығына арналған «Тар жол, тайғақ кешкен» атты рухани-танымдық кеші өтті.

Кеш барысында Сәрсенбай Хасенов өмірде де, әдебиетте де белсенді күрескер болған Сәкен Сейфуллиннің өмірі мен шығармашылығына тоқталып, өлеңдері мен ән-жырын көпшіліктің назарына ұсынды.  С.Сейфуллиннің «Тау ішінде», «Көңілім-ау», «Сәлем айт, Көкшетаудың биігіне», «Біздің жақта»  және т.б. да әндері орындалды. Сонымен қатар «Мәдениет қайраткері» Жанат Есов халық әні «Жиырма бесті», Жанар Сақтағанова «Арқаның кербез сұлу Көкшетауы» әнін тамылжыта орындады.
Концерттік бағдарламаға Ш.Уәлиханов университетінің оқытушысы, филология ғылымдарының кандидаты Сәбит Жәмбек, журналист, Жазушылар одағының мүшесі Серік Жетпісқалиев, «Дарын» мектебінің оқушылары қатысты.

Онлайн кім

Қазір 125 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр