Қазақ музыка тарихына зор үлесін қосып, 30 жылдан астам шығармашылық жолында  барлық негізгі жанрларды қамтыған Сыдық Мұхамеджановтың асыл шығармалары  күміс көмей әншілердің орындауында  көпшіліктің назарына ұсынылды.

ҚР еңбек сіңірген қайраткері Раушан Бескембірова, Наталья Грицаева, Ольга Гергель, Жанар Искакованың фортепианода сүйемелдеуімен  Халықаралық  байқаулардың лауреаты Батыржан Смаков, Аякөз Қалмағанбетова, Жанар Сақтағанова, Саида Сағди  композитордың «Шолпаным», «Кім таласар сенімен», «Өзің де, жігіт, қызықсың», «Жан сәулем» және т.б. да жарқын туындыларын  шарықтата шырқады. Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Шолпан Дүкімбаева, Абзал Ес, Бекұлан Ерболатұлы Абайдың жауһар туындыларын көрермендерге тарту етті.  Сонымен қатар Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жамиля Жарқымбаева «Ақан сері – Ақтоқты» операсынан Ақтоқтының речитативымен ариясын, Бекұлан Ерболатұлы «Айсұлу» операсынан Серке каватинасын, ал Аякөз Қалмағанбетова  Айсұлу  ариясын тамылжыта орындады. Саида Рашит қобызда С.Мұхамеджановтың «Таңғы әуен» шығармасын,  Әділ Тәуке домбырада «Домбыраға арналған концертін» орындады. Концерттік бағдарламаға  камералық музыка ансамблі де қатысты.

Онлайн кім

Қазір 36 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр