Ақмола облысының әкімі Ахметжанов Марат Мұратұлы өңіріміздің нәзік жанды әйелдер қауымын төл мерекелерімен құттықтап, олардың ел тәуелсіздігінің қалыптасуы мен дамуындағы рөлін атап өтті.



Салтанатты марапаттау рәсімінен кейін көрермендерге Қазақстан эстрадасының жарық жұлдызы Қанат Үмбетов, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жамиля Жарқымбаева,  Халықаралық байқаулардың лауреаттары  Дінмұхаммед Көшкенбаев, Әсем Сембина, Гүлдана  Алдадосова, Зарина Божакова, Айлин Акынер  және Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясының  бірлескен эстрадалық-симфониялық оркестрі мен «Гәкку» би ансамблі, әншілері: Аякөз Қалмағанбетова, Серікболсын Бекмолдин, Бекұлан Ерболатұлы, Ринат Нұрмұханның қатысуымен дайындалған концерттік бағдарлама  ұсынылды.

Онлайн кім

Қазір 46 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр