Бар шығармашылық ғұмырын Көкшемен байланыстырып келе жатқан ардагер әнші, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, Көкшетау қаласының құрметті азаматы Бисара Мәкенованың “Айналайын Көкшеден, еркелеткен” шығармашылық кеші өтті. 

 Бисара Мәкенованың 70 жылдық мерейтойы мен өнер жолындағы 50 жылдығына арналған мерекелік кешке филармонияның шығармашылық ұжымдары қатысты.

Арнайы Астана қаласынан келіп, шашбауын көтеріп келген әртістер қатарында Бисара Мәкенованың құрбылары, “Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі”, “Құрмет”, “Парасат” ордендерінің иегері Майра Ілиясова, “Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері” Арайлым Рахымқызы. Кеш соңында Майра Ілиясова Бисара Мәкеноваға арналған “Қазақстанның құрметті азаматы” атағын табыстап, құттықтауын жеткізді.

Онлайн кім

Қазір 107 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр