7 ақпан күні Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясында сюита жанрына арналған классикалық музыка кеші өтті.

Дирижер Абай Ақбужуров жетекшілік еткен симфониялық оркестр әртүрлі дәуірлерде өмір сүрген атақты композиторлардың музыкалық миниатюраларын көрермендер назарына ұсынды. Концерттік бағдарламаны көрнекті композитор Альфред Шниткенің барокко дәуірінің музыкасына тән стильдендірілген «Сюита в старинном стиле» атты негізгі шығармаларының бірі ашты. Сонымен қатар әлемнің асыл өнер туындыларының алтын топтамасына кіретін Эдвард Григтің әйгілі ақын және драматург Генрик Ибсеннің «Пер Гюнт» драмасына арналған сюитасы өнер сүйер қауымға тарту етілді. Кеш соңында орыс композиторы және ХХ ғасырдағы әлемдік өнердің ең ірі қайраткерлерінің бірі – Игорь Федорович Стравинскийдің шағын оркестрге арналған #1 және #2 сюиталары орындалды. Концерттік бағдарлама алуан түрлілігімен және хас шеберлердің орындауында төгілген тамаша туындылармен музыканың қадірін білетін бағалаушы жандардың жүрегін жаулап алғаны сөзсіз.

Онлайн кім

Қазір 88 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр