Филармония сахнасында мектеп абонементі аясында «Музыкалық Тип-топ» интерактивті спектаклінің премьерасы өтті! 

 «Bipl musical» театралдық студиясының әртістері балаларды эстрадалық-үрлемелі аспаптар оркестрінің музыкалық аспаптарымен, музыкалық сауаттылық негіздерімен таныстыра отыра, балалармен бірге музыканың қызықты әлеміне бойлады.  

Балалар кейіпкерлердің шытырманға толы оқиғаларын қызықтап, спектакльге қатысып, кейіпкерлермен бірге жұмбақтарды шешіп, ойындарға қатысып, биледі.

 Кирьянова Татьяна жетекшілік еткен «Bipl musical» театралдық студиясы мен эстрадалық-үрлемелі аспаптар оркестрінің ұжымын (бас дирижері Ерназар Уразалин) керемет музыка әлеміне бойлатқан қызықты саяхаты үшін алғыс айтамыз! 

Онлайн кім

Қазір 32 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр