Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясында 25 қаңтар күні филармония ардагері, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Ғазиза Жұмекенованың 70 жылдығына арналған еске алу кеші өтті.

Бар өмірін өнер жолына арнаған жезтаңдай, гәкку үнді Ғазиза Жұмекенованың өмірі мен шығармашылығын қамтитын еске алу кешін Әдебиет және өнер музейінің ғылыми қызметкері, «Мәдениет саласының үздігі» Нұрболат Әлменов жүргізе отыра, Сарыарқаны әнімен тербеткен әншінің сырлы өмірі мен әр орындаған шығармасының тарихынан сыр шертті. Кеш барысында сахна төрінен Ғазиза Жұмекенованың сүйіп орындаған әндері К.Күмісбеков атындағы қазақ халық аспаптар оркестрінің сүйемелдеуінде үзеңгілес жолдастары мен филармонияның жас буын әншілерінің орындауында төгілді. Филармония ардагері, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Бисара Макенова кезінде өнер жолында бірге жүрген әріптесін еске алып, өз өнерін ортаға салады. Жезтаңдай әнші Ғазиза Жұмекенованың реперуарынан алынған әсем ән әуеде қалықтап, өз көрерменін тапты.

Онлайн кім

Қазір 127 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр