Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясында 14 желтоқсан күні ақын, композитор Шәкәрім Құдайбердіұлының 165 жылдығына арналған Сәрсенбай Хасеновтің «Сұраған жанға сәлем айт» атты жеке концерті өтті. 

Көкше ақын-композиторларын зерттеп жүрген, бірнеше кітаптың авторы атанған дәстүрлі әнші Сәрсенбай Хасенов Шәкәрім Құдайбердіұлының шығармашылығына тоқталып, «Жаңа ойдан шығарған бір бөлек бұл ән», «Бұл ән бұрыңғы әннен өзгерек», «Сұрғылт тұман дым бүркіп», «Жиырма үш жасымда», Сұраған жанға сәлем айт» сынды әндерін көрермендеріне тарту етті. 

Сонымен қатар концерттік бағдарламаға Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Бисара Мәкенова қатысып, Абайдың «Сегіз аяқ», «Өзгеге көңілім тоярсың» әндерін, дәстүрлі әнші Жанар Сақтағанова Г.Саринаның «Абай салған әуелет сол бір әнді», Аякөз Қалмағанбетова Абайдың «Қақтаған ақ күмістей кең маңдайлы» әнін орындады. 

Сонымен қатар Тоқтарбек Құрманұлы Шәкәрімнің поэзиясын асқақтата оқыды.

Кешке ақын, профессор, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі Ерболат Баятұлы қатысып, орындалған әр шығарманың шығу тарихына тоқтала, Шәкәрімнің жауһар туындыларын келер ұрпаққа жеткізу жолында кештің тақырыбын аша түсті.

Онлайн кім

Қазір 513 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр