Қазақстанның Алтын дауысы, Орта Азия Бұлбұлы атанған Қазақстанның Халық әртісі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, «Қазақстанның Еңбек Ері» Роза Рымбаева шығармашылық өнер жолының 50 жылдығы аясында Көкшетау қаласының басты сахнасында жеке концертін берді. 

Концерт Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясының шығармашылық ұжымдарының қатысуымен өтті.

 Концерттік бағдарламада Қазақстан эстрадасының хиттері, жаңа композициялар мен алғашқы нотасынан-ақ көпшілікке таныс әндер орындалды. Әншінің «Сахнада 50 жыл» деп аталатын концертіне әнші, композитор, продюсер ретінде өнерін жалғастырушы ұлдары Әли Оқапов пен Мәди Рымбаев та қатысты.

Онлайн кім

Қазір бір қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр