Жастайынан өнердің ортасында жүрген Жанат Есовтың қазіргі таңда өзінің сүйікті тыңдарманы, көрермені бар. Филармонияның барлық оркестрлерімен жұмыс істей отыра, өзінің вокалдық репертуарын байытып, толықтырған әнші халық әндерінен бастап, эстрадалық және классика бағытындағы әндерді де шарықтата шырқап жүр. 

Жезтаңдай әнші туған жері Астрахан төрінде «Айнакөл» фольклорлық ансамблі мен Эстрадалық-үрлемелі аспаптар оркестрінің сүйемелдеуінде өнер көрсетіп, жерлестерінің назарына тың концерттік бағдарламасын ұсынды.

Онлайн кім

Қазір 87 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр