Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясында 23 қараша күні көрнекті халық ақыны, әнші Ақан серінің 180 жылдығына арналған «Гәккулеткен, аққу жеткен – Көкшетау» атты ән кеші өтті. 

Қазақтың ұлттық өнерін кәсіби биікке көтеріп, дәстүрлі өнердің классикалық үлгісін жасаған, елуге жуық музыкалық мұрасы қазақ мәдениетінің алтын қорына енген, алты алаштың ардақтысы болған Ақан серінің шығармашылығына арналған ән кешінде көрермендердің назарына ел еркесінің жауһар туындылары ұсынылды.

  Қазақ өнерінің төресі - дәстүрлі ән өнері шарықтаған концертке еліміздің танымал әншілері: Қазақстанның еңбек сіңірген әртістері Қапаш Құлыш, Бисара Мәкенова, Республикалық байқаулардың лауреаты Салтанат Қисатова және филармонияның шығармашылық ұжымдары қатысады. 

 Сонымен қатар филармонияның дәстүрлі әншілері: Сәрсенбай Хасенов, Мәдениет саласының үздігі Эльмира Төлеубаева, Жанар Сақтағанова да өнер көрсетті.

Онлайн кім

Қазір 342 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр