30 сәуір күні Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясында бас дирижер  Ерназар Уразалин мен дирижер Абай Ақбужуровтың жетекшілік етуімен Дүниежүзілік джаз күніне арналған эстрадалық-үрлемелі аспаптар оркестрінің «Филармония FM 3.0 JAZZ» концерті өтеді.

Концерттік бағдарламада филармония  әншілері: Марина Зяблинцева, Эльмира Камарницкая мен  солист-аспап

шылар: Даяна Кенжекеева, Наталья Серафимович (саксофон), Виталий Яныков (гитара), Владимир Тарасов (клавиша), Марлен Сапарбеков және Арсен Еркін (флейта), Илья Чапаниди (труба), Дамира Тұяқбай, Әділетхан Жұмақан, Рустам Жахин, Евгений Субботинның  (тромбон) орындауында сахна төрінен ғажайып музыка төгіліп, сазды ән шалықтап, өз тыңдарманын табатыны сөзсіз.

Көрермендердің назарына Луи Армстронг, Бобби Тиммонс, Гордон Гудвин, Эрик Моралес, Ральф Джинжер, Френка Кнапп және тағы басқа да ұлы джаз композиторларының   жауһар туындылары, және де фанк және рок музыкасы  ұсынылады.

«Филармония FM 3.0 JAZZ» концерті көрермендерге жақсы көңіл-күй, ерекше сезім сыйлайды.

Концерт барлық жастағы көрермендерге   арналған, жас ерекшелігіне шектеу қойылмайды.

Онлайн кім

Қазір бір қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр