«Көкшетау – тал бесігім» IX классикалық және халық музыкасы фестивалі фестивальдің көркемдік жетекшісі, дирижер, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері Абзал Мұхитдиновтың шығармашылық кешімен аяқталды.

Көкшелік көрермендердің назарына В.А.Моцарттың шығармалары, қазақстандық және шетелдік композиторлардың опералары мен оперетталарынан үзінділер ұсынылды.

Дирижер Тамара Миловановичтің (Сербия) жетекшілік етуімен симфониялық оркестр мен солист Джузеппе Нова (флейта, Италия) В.А.Моцарттың флейтаға арналған 3 бөліміннен тұратын соль мажор концертін орындады.

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жәмила Жарқымбаева (сопрано) симфониялық оркестрдің сүйемелдеуінде Мұқан Төлебаевтың «Біржан-Сара» операсынан Сара ариясын, Шарль Гуноның «Ромео мен Джульетта» операсынан Джульетта вальсін, Латиф Хамидидің «Бұлбұл» әнін, сондай-ақ Владислав Чижовпен (тенор) бірге Джузеппе Вердидің «Травиата» операсынан Альфред пен Виолетта дуэтін орындап, көрермендерін тәнті етті.

Ал В.Чижов концерттік бағдарламада Абайдың «Айтым сәлем, қаламқас» әнін, «Страна улыбок» опереттасынан Су Чонгтың ариясын да орындап, көршіліктің қошеметіне бөленді.

Онлайн кім

Қазір 169 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр