Филармония қабырғасында 19 ақпан күні сағат 14.30-да ең жас көрермендерге арналған С.Прокофьевтің «Петя мен қасқыр» атты қызықты да әсерлі музыкалық-театрланған қойылым өтті.

Ертегі айтушының қоңыр даусы симфониялық оркестрдің жанды орындауына ұласып, ертегі желісінде болып жатқан барлық оқиғаларды тілсіз, кейіпкерлерді пластика мен мимика арқылы бейнелеу, сонымен қатар енгізілген балет  элементтері ертеден келе жатқан ертегіні жаңа қырынан көрсетті.

Ойын-сауық ойындары бар, көрермендермен интерактив орнатылған театрланған қойылым балаларға ата-аналарымен бірге фагот, флейта және гобой тембрін тануды үйренуге көмектесті, ал симфониялық оркестр әр музыкалық аспаптың мүмкіндіктерін ашып көрсетті.

Симфониялық оркестрге және  бас дирижері Берік Сарыбайға, қоюшы режиссер Татьяна Кирьяноваға, ертегі айтушы ...., «Гәкку» би ансамблі мен «Аманат» би студиясының әртістеріне,   жетекшісі Гүлмира Ордабаеваға ерекше қойылым үшін алғыс айтамыз!

Онлайн кім

Қазір 352 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр