Әйгілі саундтректер, сүйікті фильмдерден алынған кадрлар, көрермендер арасында отырған Шрек және Гарри Поттердің сиқыры – осының бәрі «The best soundtrack» концертінің әсерлі, ерекше өтуіне серпін берді.

Бас дирижер Берік Сарыбай мен дирижер Абай Акбужуров жетекшілік еткен симфониялық оркестр, әнші Эльмира Камарницкая, солист-аспапшылар Дулат Бикенов (труба), Дастен Аширбеков (виолончель) көрермендердің көңілінен шыққан атышулы фильмдер: «Свой среди чужих, чужой среди своих», «Рокки», "Мстители», «Гладиатор», «Хатико», «Звездные войны», «Шрек», «Гарри Поттер», сонымен қатар «Игра престолов», «Великолепный век», «Черная любовь» сериалдарынан попурри орындап, көпшілікке тарту етті.

Баршаңызға әдемі кеш үшін алғыс айтамыз және қала тұрғындарының сүйіктісіне айналған «The best soundtrack» жобасының жаңа, тың концерттік бағдарламасын асыға күтеміз!

Онлайн кім

Қазір 330 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр