16 ақпан күні   филармония залында бас дирижер  «Мәдениет қайраткері»  Ерназар Уразалин мен дирижер Абай Ақбужуровтың жетекшілік етуімен  эстрадалық-үрлемелі аспаптар оркестрінің «Зимний вечер с Филармонией FM.2.0»  атты концерті өтті.  

Татьяна Кирьянова мен Рустем Сейітов радиоэфир форматында кешті  жүргізіп, көпшілікке көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Көрермендер аспаптық музыкаға арналған концертте  оркестр солистерінің жеке орындауында  әлемге  танымал атақты сазды әуендерді   кларнет, флейта, тромбон, фагот, саксафон, труба, гитара және т.б. аспаптарда  тыңдады.   

Ерекше эмоция  мен осындай қанықты әрі қызықты бағдарлама ұсынғандары үшін  музыканттарға алғыс айтамыз!

 Ал құрметті көрермендер, сіздер қандай музыкалық композициялар тыңдағыларыңыз келеді, соны білдіріп өтінімдеріңізді  посттың астына   жазып қалдырыңыздар, ал біз оларды міндетті түрде қарастырамыз және келесі концертте өз жүрек қалауларыңызды тыңдай алуларыңыз мүмкін.

Филармония  FM-де келесі кездескенше!

Онлайн кім

Қазір бір қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр