Ыбырай атындағы  Ақмола облыстық филармониясында 10-13 қазан аралығында  Дирижерлеу бойынша ашық халықаралық мастер- курс  өтті. Бұл - жоба авторы Абзал Мұхитдиновтың жетекшілігімен жүргізілген үш күндік қарқынды курс.

Дирижерлеу бойынша ашық халықаралық мастер-курсқа барлық деңгейдегі дирижерлер қатыса алады, жас ерекшелігіне шектеу қойылмайды. Курс бағдарламасында әртүрлі жанрлар мен стильдегі шығармалар қамтылған.

Мастер-курс  қатысушыларға алдына қойылған міндеттерді шешу жолында белсенді қызметі арқылы жаңаны үйрену және өз тәжірибесімен бөлісуге жол ашады. Ашық халықаралық мастер-курстың идеясы - халықаралық деңгейдегі танымал шеберлер өз әріптестеріне өздерінің ерекше жұмыс тәсілдерін көрсетеді.

Қатысушылар мен тыңдаушылар музыка жауһарларының  дүниеге келу  процесіне  атсалысып, күнделікті өмірде қол жеткізе бермейтін,  танымал, атақты шеберлердің уақытша шәкірті бола алады.

Бұл іс-шараның мақсаты шығармашылық тәжірибе алмасу мақсатында шетелдік әріптестермен ұзақ мерзімді өзара байланысты (кооперация) бастау; тыңдаушы аудиториясын әлем  классиканың үздік үлгілерімен таныстыру, Қазақстандағы дирижерлік өнер мектебін дамыту болып табылады.

Арнайы шақырылған майталман шеберлер (дирижерлер):

Мункхаир Эрденобаатар (Моңғолия)

Ханно Мьолдеркиви (Эстония)

Янг Гонгуй (Жапония)

Ал 13 қазан күні Дирижерлеу бойынша ашық халықаралық мастер- курстың қорытынды гала-концерті симфониялық оркестрдің  қатысуымен өтті.

Онлайн кім

Қазір 106 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр