Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясында 4 қазан күні сағат 19.00-де солист, Халықаралық байқаулардың лауреаты Әсел Әбілсейітованың (фортепиано) қатысуымен симфониялық оркестрдің концерті өтті. Көркемдік жетекшісі және бас дирижері - Берік Сарыбай.

Лондондағы Корольдік Музыка академиясы мен Швейцарияның Базель қаласындағы Жоғарғы музыка мектебі магистратурасының түлегіӘсел Әбілсейітова қазіргі таңда Қазақстан мен Еуропа сахналарында өнер көрсетіп, концерттерін беріп жүр. Ал оқу оқып жүрген жылдары Джон О'Коннор, Паскаль Девойон, Евгений Судьбин, Саймон Кроуфорд-Филлипс сындытанымал музыканттардың мастер-кластарына қатысып, тәлім-тәрбие алды,Ян Шмольк, Левон Чилингирян, Максим Венгеровпен бірге жұмыс жасап, шеберлігін шыңдады, сонымен қатарбритандық пианист Иэн Фоунтэйн басшылығымен Әсел Ұлыбритания, Италия, Германия, Швейцария және Франция сахналарында өнер көрсетіп, үлкен концерттік тәжірибе жинақтады.

Филармонияның76-концерттік маусымның ашылуы аясында Әсел Әбілсейітова симфониялық оркестрдің сүйемелдеуімен музыка өнерін бағалаушылардың назарына С.Рахманиновтың3 бөлімнен тұратынОркестрменфортепианоға арналған №3 концертін ұсынды.Сонымен қатар оркестр А.Серкебаевтың «Шалқыма», Дж.Россинидің «Сорока-воровка» операсына арналған увертюраны көрермендеріне тарту етті.

Онлайн кім

Қазір 232 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр