14 қыркүйек күні Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясының концерт залында  симфониялық оркестрдің  "Классикалық музыка кеші" өтті. Бас дирижері Берік Сарыбай.

Филармония сахнасында алғаш рет симфониялық оркестрдің орындауында Ұлы Вольфганг Амадей Моцарттың  концерттік симфония шығармасы орындалды.

Концерттік симфония жанры XVIII ғасырдың аяғы мен XIX ғасырдың басында кең таралды. Бұл бірнеше жеке аспаптар мен оркестрге арналған көп бөлімді шығарма – симфония мен аспаптық концерт арасындағы аралық музыкалық форма.

Арнайы шақырылған әртістер:

Айнұр Камалова (арфа)

Алексей Косырев (флейта)

Концерттік бағдарламада:  И.С.Бах, В.А.Моцарт, Ж. Массне, Е. Рахмадиев, К. Сен-Санс, И. Дунаевский, Э. Морриконе, Л. Андерсон, Г. Форе, Дж. Россинидің шығармалары.

Басталуы:19: 00-де.

Жүргізуші: Татьяна Кирьянова.

Онлайн кім

Қазір 133 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр