13 қыркүйекте Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясының концерт залында  Кенжебек Күмісбеков атындағы қазақ халық аспаптар оркестрі мен филармония әншілерінің қатысуымен ҚР  Мәдениет қайраткері, ақын, әнші, композитор  Тыныштық Шаменовтың 80 жылдығына арналған «Арқаның ақын – сазгер Тыныштығы» атты концерті өтті.

Тыныштық Шаменовтың көпшілікке танымал әндері орындалып, көрермендерге тарту етілді.

Концерттік бағдарламаға   «Мәдениет қайраткерлері»  Гүлжан Ахметова, Жанат Есов, «Мәдениет саласының үздігі»  Сәкен Біржанов, Эльмира Төлеубаева, сонымен қатар Эльмира Нысанбаева, Серікболсын Бекмолдин, Саида Сағди, Әйгерім Дәулетхан, Жанар Сақтағанова  қатысып, өз өнерлерін ортаға салады. Кеш жүргізушісі: Сәрсенбай Хасенов.  

Концерт Арқаның арда азаматтары Иран сал Тасқара, Мұрат-қажы Ыдырысұлы мен Мәдениет басқармасының басшысы Айгүл Баубекқызының сөзімен аяқталды. Ақын Арман Бердалин де Тыныштық ағамыз жайлы өз естеліктерін айтты. Тыныштық Шаменовтың асыл жары –Сабира апайымызға қамзол жабылып, ақ орамал сыйға тартылды.

Онлайн кім

Қазір 495 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр