22-23 маусым күндері қатарынан Үкілі Ыбырай  атындағы  Ақмола облыстық  филармониясының концерт залында симфониялық оркестрдің «Саундтреки к популяным к/ф» атты концерті өтті,  бас  дирижері - Берік  Сарыбай.   

Концерттік  бағдарлама  танымал  советтік  және  шетелдік  кинофильмдерден алынған музыкалар мен  әндерден тұрады.

Шетелдік кинематографияға табынушылар «Рокки 3», «Гладиатор», «Телохранитель», «Хатико»,  «9 врата», «Мстители», «Великолепный век»  және т.б да  сүйікті фильмдерінен алынған  музыкалық  шығармаларды  тыңдай алды.

 Аты аңызға айналған  танымал фильмдерден алынған  жүректі тербейтін әуендер көрермендердің көңілінен шықты.

Сонымен қатар «Шрек», «Мадагаскар» сынды жас көрермендердің сүйікті мультфильмдеріне жазылған саундтректер оркестрдің орындауында көпшіліктің назарына ұсынылды.

Симфониялық оркестрмен бірге филармония  әншілері: «Мәдениет қайраткері» Жанат Есов, «Мәдениет саласының үздігі» Валерия Болиева,  Халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаттары: Эльмира Камарницкая, Марина Зяблинцева  өнер көрсетіп, бұл кеште көрермендеріне көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Онлайн кім

Қазір 84 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр