10 маусым күні сағат 19.00-де Балалар жылы аясында  филармония   мен «Гранат»  шығармашылық  студиясының «Музыка  және түс» атты бірлескен жобасы өтті

Дирижер  Жанат Рашиттың жетекшілік етуімен  камералық музыка ансамблі, камералық хор (жет. Галина Колесникова)   түске байланысты 4 блоктан  тұратын концерттік бағдарламаны көрермендер назарына ұсынады.  Ал Анар Саттыбаева жетекшілік еткен «Гранат»  шығармашылық  студиясы әр музыкалық нөмірді түрлі-түсті суреттермен безендірді.    Музыкатанушы-дәрісші Юлия Никитенко бүгінгі кештің бояуын кіргізіп, көркем сөзбен әрледі.

Адам өмірінде түстің алатын орны қандай ерекше болса, музыкада да  түс маңызды, бүгінгі концертте  музыка мен түстің өзара байланысы ашып көрсетіледі. Негізгі түстер - ақ, көк, қызыл, жасыл түске баса назар аударып, әр түстің психологиялық, музыкадағы көркемдік ерекшеліктері  көрсетілді.

Қайырымдылық пен пәктіктің түсі - «ақ түс» блогында Жая Мұсаның «Ақ сиса», Б.Прозоровскийдің «Белая ночь», Римский-Корсаковтың «Снегурочка» және т.б да шығармалар орындалды.

Көк түсінің ассоциациялануы барлық елде көбіне-көп, аспан, жаратушы (тәңірі), ана бейнесінде болып келеді. Бұл блокта камералық музыка ансамблінің орындауында  Штраустың «На прекрасном голубом», А.Пьяццолланың «Каштановое и голубое», Фархат Сағымбайдың орындауында Синяя вечность», Э.Нысанбаева «Уснули голубые волны» шығармалары көпшіліктің назарына ұсынылды.

Қызыл – түстердің ішіндегі ең жылы түс. Ол күш пен қызбалықтың белгісі. Бұл блокта  Скрябиннің «Прелюдия 1 До мажор» Наталья Грицаеваның орындауында сомдалды.

Жасыл түс – еркіндікке деген жігерлікті, табандылықты, мақсаткерлікті, өзімшілдікті, тәкаппарлықты білдіреді. Жасыл түс   адамның жүйке жүйесін тыныштандырады. Чайковскийдің «Благословляю  вас леса», Ю.Милютиннің  «Все стало  вокруг голубым и зеленным» т.б да шығармалар филармония әншілері мен хордың орындауында шалқып, «Гранат»  шығармашылық  студиясының тәрбиеленушілерімен безендірілді.

Онлайн кім

Қазір 347 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр