3 маусым күні сағат 19.00-де Балалар жылы аясында және Балалар  музыка  мектебінің 70 жылдық мерейтойына орай филармонияның шығармашылық ұжымдары мен музыка мектебінің бірлескен жобасы өтті.

Концерттік бағдарламада  филармонияның алдыңғы қатарлы шығармашылық  ұжымдары: симфониялық оркестр, камералық музыка ансамблі, «Айнакөл» фольклорлық ансамблі балалар музыка мектебінде білім алушылармен бірігіп өнер көрсетті. Музыка әлеміне жаңа қадам басқан  музыка мектебінің  тәрбиеленушілері кәсіби музыканттардың сүйемелдеуінде домбыра, скрипка, флейта, фортепиано және т.б. да   музыкалық аспаптарында ойнап, өз өнерлерін ортаға салды. Сонымен қатар балалар музыка мектебінің хор ұжымы мен дәстүрлі әншілер де кештің сәнін кіргізіп, ән мен жырға бөледі.

Онлайн кім

Қазір 532 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр