1  маусым күні сағат 12.00-де Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясында Балалар жылы аясында  Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Біз өмірдің гүліміз» атты іс-шара  өтті.  

Іс-шараға Гүлмира Ордабаева  жетекшілік еткен  «Аманат» би студиясы, «Балақай» балалар шығармашылық студиясы, жетекшісі  Бота  Қалиева. 

Филармония залына жиналған ең жас көрермендеріміз бен олардың ата-аналарына ән мен жырға, биге,  қызықты ойын-сауыққа толы   бағдарлама ұсынылды. Балақайлар ұйымдастырушылармен қосылып,  ән салып, би билеп, қызықты ойындарға белсене қатысты. 

Онлайн кім

Қазір 47 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр