17 қараша күні сағат 10.00-де байқаудың іріктеу кезеңі басталды. Байқауға Қазақстанның қалалары мен облыстарынан 13 дәстүрлі әнші қатысты. Ұйымдастыру комитетінің шешімі бойынша 13 қатысушы бас жүлде –автомобильді алу үшін  бақ сынасты.

І іріктеу кезеңі аяқталысымен 2 кезең басталды. Екінші кезеңге өткен қатысушылар жеребе тарту арқылы  22 әннен  тұратын Қажыбай Жахинның  репертуарынан  шығармалар орындауы қажет.

ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай 18 қараша күні «Көкшетау» мәдениет сарайында Ақмола облысы әкімдігі мен Ақмола облысының мәдениет, архивтер мен құжаттамалар басқармасының қолдауымен Қажыбай Жахин атындағы «Арқаның Айбозы» І Республикалық дәстүрлі әншілер   байқауының гала-концерті өтті.

Байқауға 13 дәстүрлі әнші қатысты:

  1. Сәкен Әлімханов- Нұр-Сұлтан қаласы
  2. Қалымбекова Алуа – Нұр-Сұлтан қаласы
  3. Айтахметов Біржан – Нұр-Сұлтан қаласы
  4. Өзгеріс Шерікбайұлы – Нұр-Сұлтан қаласы
  5. Жәкіш Фархат – Ұлттық өнер университеті  (Нұр-Сұлтан)
  6. Әбдірахманов Нариман – Алматы қаласы, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы
  7. Хабдыразах Тәттімбет – Шымкент қаласы
  8. Бауыржан Нұрмұхан – Ақмола облысы
  9. Сәрсенбай Шыңғыс – Ақмола облысы
  10. Мұхамедияр Аслан – Ақмола облысы
  11. Әбдіғалым Азат – Қарағанды облысы
  12. Біржан Есжанов – Солтүстік Қазақстан облысы
  13. Еркебұлан Қарыпов – Солтүстік Қазақстан облысы

Байқаудың қазылар алқасы:

  • Стамғазиев Рамазан Өмірәліұлы - Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, қазылар алқасысының төрағасы;
  • Шүкіман Еркін Тұрсынғалиұлы - Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының «Халық әні» кафедрасының доценті,  қазылар алқасының мүшесі;
  • Мәкенова Бисара - Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, қазылар алқасының мүшесі;
  • Мұхамедьяров Саян - Біржан сал атындағы музыкалық колледжінің директоры, қазылар алқасының мүшесі;
  • Хасенов Сәрсенбай - Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясының солисі; халық әндерінің тарихын зерттеуші, қазылар алқасының мүшесі;
  • Қуаныш Оспан - Көкшетау қалалық ақпараттық кітапхана жүйесінің директоры,  «Қазақстан Жазушылар Одағының» мүшесі, қазылар алқасының мүшесі.

Қазылар алқасының шешімі бойынша байқаудың бас жүлдесі – автомобиль сертификаты көкшетаулық  Бауыржан Нұрмұханға  берілді.

Онлайн кім

Қазір бір қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр