28 желтоқсан күні сағат 18:30-да Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясының концерт залында симфониялық оркестр мен эстрадалық–үрлемелі аспаптар оркестрінің, камералық хор мен шығармашылық бөлімнің солистерінің қатысуымен «Жаңа жыл кеші» өтті.

Дирижерлері: «Мәдениет қайраткері» Ерназар Уразалин, Берік Сарыбай.

Камералық хордың жетекшісі: «Мәдениет саласының үздігі» Галина Колесникова.

Мерекелік бағдарлама тыңдармандарға жаңа жылдық көңіл-күй сыйлады. Бұл кеште көпшіліктің сүйіп тыңдайтын әндерімен қатар, қыс мезгілімен байланысты үздік шығармалар орындалды.

Сонымен қатар, көрермендер кеңестік фильмдер мен американдық мультфильмдердің «алтын қорынан» алынған сүйікті әндер мен әуендерді өзіндік түпнұсқалық өңдеуде тыңдады.

«Иван Васильевич меняет профессию», «Ирония судьбы или с легким паром!» көркем фильмдерінің музыкасы, Александр Зацепиннің және басқа да композиторлардың көпшілікке танымал шығармалары көрермендерді селқос қалдырмағаны сөзсіз.

Симфониялық оркестр мен эстрадалық-үрлемелі аспаптар оркестрінің орындауындағы саундтрек-хиттер керемет әсерге толы, тыңдармандарына ғажайып көңіл-күй сыйлады. Әр орындаулар ледэкрандағы бейне көрсетілімдермен безендірілді.

Онлайн кім

Қазір 425 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр