8 ақпан күні Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясында кезекті Музыкалық кофехана жобасы аясында «Музыка Испании» концерті өтті.

Испан халқының музыкасына арналған музыкалық кофехана барысында музыкатанушы Юлия Никитенко тарихы бай Испания музыкасы туралы кеңінен баяндады. Концертік бағдарламада симфониялық оркестр (бас дирижері Берік Сарыбай), камералық музыка ансамблі (дирижері Жанат Рашит), камералық хор (жетекшісі Галина Колесникова), «Гәкку» би ансамблі (жетекшісі Гүлмира Ордабаева) және филармония әншілері өнер көрсетті.
Классикалық шығармалардан бастап заманауи эстрадалық композициялар қамтылған бағдарлама өте құнарлы. Онда Ж.Бизенің «Кармен» операсынан үзінділер, Д.Россинидің «Каватина Фигаро» және т.б. да көпшілікке танымал шығармалар филармония әншілерінің орындауында көрермендер назарына ұсынылды.
Испания музыкасының ажырамас бір бөлігін гитара аспабындағы орындаулар құрайды. Оркестрдің сүйемелдеуімен Алибек Ахмалишевтің (гитара) орындауында испан музыкасының ең үздік жауһарларын тыңдауға мүмкіндік туды.

Онлайн кім

Қазір 90 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр