27 ақпан күні сағат 17:00-де Үкілі Ыбырай  атындағы  Ақмола облыстық  филармониясының концерт залында симфониялық оркестрдің «Саундтреки к популярным кинофильмам» киномузыка кеші өтті,  көркемдік жетекшісі және бас  дирижері - Берік  Сарыбай.

Концерттік  бағдарлама барысында  танымал  кинофильмдерден саундтректер мен  әндер орындалды.  

Фильмдердегі музыка мен әндердің орны ерекше, олардың арқасында фильмдер түрленіп, жаңа қырынан көрінеді. Дыбыстық киноны ойлап  тапқаннан бері музыка мен  кино бір-бірінен ажырамастай  болып біртұтасты. Кейде саундтректер сол фильмдерінен де асып түсіп, танымал болып жататындығыда бар.

 Бүгінгі концерттік бағдарлама  ДЖ.Уильямстың  «Star Wars»  шығармасымен ашылды. Концерт барысында симфониялық оркестрдің  орындауында  «Розовая Пантера», «Бригада», «Профессионал», «Матрица» фильмдерінен алынған  саундтректер көпшіліктің назарына ұсынылды. 

Жез таңдай әнші  Марина Зяблинцева 007: Координаты «Скайфолл», Эльмира Камарницкая Кристен Андерсеннің музыкасына жазылған кішкентай көрермендер сүйіп тамашалайтын  мультфильм «Холодное  сердце»  әнін, «Мәдениет саласының үздігі» Валерия Болиева  «9 врата»  фильмінен Войцех  Килярдың  «Вокализ» туындысын     өз көрермендеріне тарту етті.  Сонымен қатар «Титаник», «Список Шиндлера», «Пираты Карибского моря», «Игра престолов, «Такси», «Мститель», «Питер Ганн» сынды танымал фильмдердің саундтректері орындалады.

Онлайн кім

Қазір 117 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр