1 қазан – Халықаралық музыка күні мен Қарттар күні аясында   Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясының сахна төрінде  «Мәдениет саласының үздігі» Ләззат Едрисованың    «С песней в унисон» атты  мерекелік концерті өтті.

Жан-дүниемізді тербеп, сезім пернелерін дөп басатын құдіретті музыканың адам өмірінде алатын орны ерекше. Сазды әуен мен шарықтаған әсем ән, төгілген жанды күй жүректі тербеп, бойды балқытып, тыңдарманын ғажап әсерге бөлейді.  Бұл айтулы күн ЮНЕСКО-ның шешімімен 1975 жылдың  1 қазанынан бастап атап өтіліп келеді.  Музыка десе, ішкен асын жерге қоятын көпшілік үшін бұл күн -   ерекше мереке.

Қатар келген қос мерекеге орай  филармония да өз көрермендеріне көтеріңкі көңіл-күй сыйлау үшін құшақ жая қарсы алды.  Е.Уразалин жетекшілік еткен эстрадалық-үрлемелі аспаптар оркестрінің сүйемелдеуінде Ләззат Әлшоразқызы өз өнерін ортаға салды. Концерттік бағдарламаға филармония әншілері: Марина  Зяблинцева, Аягөз Қалмағамбетова, Эльмира Камарницкая, Серікболсын  Бекмолдин, Дмитрий Петюль, Самат Уатхан, Жұмабике Омарова,  Айгерім Шалқарова қатысты. Анасының ізбасары Мадина Едрисова анасымен бірге Фред Эбб, Джон Кандердің «Весь этот джаз»  шығармасын орындады. 

Сазды әуенге толы кешті Татьяна Кирьянова мен Азамат Идрисов жүргізді.

Онлайн кім

Қазір 154 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр