14 ақпан күні Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясында кеш қонақтары:  Е.Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармониясының қазақ оркестрінің дирижері, ҚР Композиторлар одағының мүшесі, «Құрмет» орденінің иегері, композитор, пианист Арман Жайым (Астана қ.) мен Халықаралық байқаулардың лауреаты, Қазақ ұлттық өнер университетінің аға оқытушысы, «Мәдениет саласының үздігі» Алмат  Сайжанның (қобыз) қатысуымен камералық музыка ансамблінің концерті өтті. Жетекшісі және дирижері - Жанат Рашит.

Подробнее...  

10 ақпан күні   филармония залында  Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, «Құрмет» орденінің иегері Рамазан Стамғазының «Дариға-дәурен» атты жеке концерті өтті.

Подробнее...  

Таныс ойнақы әуендер, романтикаға толы әндер мен биден жинақталған  «Ритмы Latinos» концерттік бағдарламасы әр көрерменнің жүрегінен орын алды. Олар әдемі би ырғағына бөленіп, орындалған әндерді қосыла шырқады.

Подробнее...  

Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясында 25 қаңтар күні   бас дирижер Жанат Рашит пен дирижер Руслан Қойшыбаевтың жетекшілік етуімен К.Күмісбеков атындағы қазақ халық аспаптар оркестрінің концерті өтті.

Подробнее...  

17 қаңтар күні филармония бір жылдық жұмысын қорытындылап есеп берді. 2022 жылы іске асырылған, көпшіліктің көңілінен шыққан «Музыкалық кофехана» жобасы, «Көкшетау-тал бесігім» классикалық және халық музыкасы фестивалі, «Гәккулеткен, аққу жеткен–Көкшетау» өңіраралық фестивалі мен Дирижерлеу бойынша ашық халықаралық мастер-курс және басқа да имидждік және инновациялық жобаларға баса тоқталды.

Подробнее...  

Классикалық музыка - грек вазалары немесе Даниэль Дефоның «Робинзон Крузо» шығармасы немесе Шекспирдің драмасы,  Моцарттың симфониясы сынды мәңгілік.

Подробнее...  

Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясында 2 қараша күні сағат 19.00-де Сәрсенбай Хасеновтің шығармашылығына 10 жыл толуына орай «Көкшетау – Сарыарқаның раушан гүлі» атты жеке концерті өтті. Кеш қонағы - Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, Мемлекеттік «Дарын» жастар сыйлығының лауреаты, «Құрмет» орденінің иегері Айгүл Қосанова.

Подробнее...  

Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясының шығармашылық ұжымдары облыс әкімінің қатысуымен өткен Республика күніне арналған салтанатты мерекелік іс-шараға қатысты.

Подробнее...  

Онлайн кім

Қазір 60 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр