Тіл дегеніміз – тұтас бір әлем. Тіл – адамдар арасындағы қарым-қатынас құралы ғана емес, сонымен бірге сол халықтың ғасырлар бойғы даму барысында жинақтаған білім-ғылымдарының жиынтығы.

Елімізде  Қазақстан халқы  тілдері  күні қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы ғалым, қазақтың ақыны, түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы, қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсынұлының туған күнімен байланысты. Бүгін барша қазақстандық қазақ әліпбиінің негізін салған ғалымның туған күні - 5 қыркүйек күні Тілдер мерекесін атап өтеді.

Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясы да осы мерекеге орай 14 қыркүйек күні  «Тілім менің – тірлігімнің айғағы» музыкалық кофеханасын өткізді. Концерттік  бағдарлама барысында  филармония әншілері: «Мәдениет  қайраткерлері» Мереке Бекмағамбетов,  Гүлжан Ахметова,  Жанат Есов және Фархат Сағымбай, Аягөз Қалмағанбетова,  Шыңғыс Сәрсенбай, Серікболсын Бекмолдин, Төлеген Аманов, Эльмира  Төлеубаева мен  Нысанбаева өнер көрсетіп, танымал қазақстандық композиторлардың  шығармаларын  орындады.

Музыкалық кофехананы дәстүрлі әнші, Арқа әуендерін  зерттеуші Сәрсенбай Хасенов жүргізді.

Онлайн кім

Қазір 76 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр