8 мамыр күні сағат 15:00-де Үкілі Ыбырай  атындағы  Ақмола облыстық  филармониясының концерт залында симфониялық оркестрдің «Liner  music cinema 3» киномузыка кеші өтті,  бас  дирижері - Берік  Сарыбай.

Концерттік  бағдарламада  танымал  кинофильмдерден саундтректер мен  әндер орындалды.  

Фильмдердегі музыка мен әндердің орны ерекше, олардың арқасында фильмдер түрленіп, жаңа қырынан көрінеді. Дыбыстық киноны ойлап  тапқаннан бері музыка мен  кино бір-бірінен ажырамастай  болып біртұтасты. Кейде саундтректер сол фильмдерінен де асып түсіп, танымал болып жататындығыда бар.

 Бүгінгі концерттік бағдарламада «Мәдениет саласының  үздігі» Ләззат Едрисова «Битва за  Севастополь» кинофильмінен «Кукушка» әнін жігерлене орындап, тыңдарманына жеткізе білді, әннен әсер алған көпшілік көздеріне жас алды. «Мәдениет қайраткері» Жанат Есов «Бандитский Питербург» фильмінен «Город которого нет» әнін шарықтата шырқады. Ал филармонияның жас әншілері Нұргүл Нұриден мен  Фархат  Сағымбай «Тегеран» кинофильмінен «Вечная любовь», Эльмира Камарницкая «Тинаник» кинофильмінен Джеймс Хорнердің « Му hear will go on» әндерін  орындады. Сонымен қатар әлемдік киноны сүйіп қарайтындардың  назарына  «Властелин Колец», «Матрица», «Питер Ганн», «Гарри Поттер», «Список Шиндлера», «1+1» «Телохранитель» фильмдерінен алынған  саундтректер ұсынылды. 

Аты аңызға айналған Виктор Цойдың «Группа крови», И.Штраустың «Заратустра» т.б. да    жүректі тербейтін әуендер   өз көрермендерін тапты.

Жиналған қауым оркестр мен әншілерге  қошемет көрсетіп, ризашылықтарын білдірді. 

Концертті Азамат Идрисов пен Алтынай Искакова жүргізді.

Онлайн кім

Қазір 122 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр