8 мамыр күні сағат 15:00-де Үкілі Ыбырай  атындағы  Ақмола облыстық  филармониясының концерт залында симфониялық оркестрдің «Liner  music cinema 3» киномузыка кеші өтеді,  бас  дирижері - Берік  Сарыбай.

Концерттік  бағдарламада  танымал  кинофильмдерден саундтректер мен  әндер орындалады.

Фильмдердегі музыка мен әндердің орны ерекше, олардың арқасында фильмдер түрленіп, жаңа қырынан көрінеді. Дыбыстық киноны ойлап  тапқаннан бері музыка мен  кино бір-бірінен ажырамастай  болып біртұтасты. Кейде саундтректер сол фильмдерінен де асып түсіп, танымал болып жататындығыда бар.

Концерттік бағдарламада «Мәдениет қайраткері» Жанат Есов «Бандитский Питербург» фильмінен «Город которого нет», Нұргүл Нұриден мен  Фархат  Сағымбай «Тегеран» кинофильмінен «Вечная любовь», Эльмира Камарницкая «Тинаник» кинофильмінен Джеймс Хорнердің « Му hear will go on» әндерін  орындайды. Сонымен қатар әлемдік киноны сүйіп қарайтындардың  назарына  «Властелин Колец», «Матрица», «Питер Ганн», «Гарри Поттер», «Список Шиндлера»,  «Телохранитель» фильмдерінен алынған  саундтректер ұсынылады.  

Онлайн кім

Қазір 156 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр